×
501.28
526.19
5.86
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.28
526.19
5.86

Қаңтар құрбанының жесірі Сая Есенгелді қаза болды: полиция жол апатының мән-жайын айтты

Қаңтар құрбанының жесірі Сая Есенгелді қаза болды: полиция жол апатының мән-жайын айтты
Фото: ПД

Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан Еркебұлан Сыбықбаевтың әйелі Сая Есенгелді мерт болған жол апатының мән-жайы белгілі болды. Сая Алматы-Бішкек тасжолының 102-шақырымында болған жол апатында қаза тапқан үш адамның бірі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Сая Есенгелді Hyundai Elantra автокөлігін тізгіндеп келе жатқан. Қарама-қарсы жолақтағы Chevrolet Cobalt жүргізушісі бетпе-бет келіп, жол апаты болған. Алматы облысының полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты салдарынан екі жүргізуші мен Hyundai Elantra жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Chevrolet Cobalt-та отырған бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. 

Сая Есенгелдімен бірге оның көлігінде отырған жолаушы қаза тапты. Олардың туыстық байланысы жоқ. Болжам бойынша, жолаушы – Саяның клиенті, себебі ол такси және курьер болып жүрген. 

ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА

Журналист Лұқпан Ахмедяровтың жазуынша, Еркебұлан Сыбықбаевтың әйелі Сая Есенгелді такси болып жүріп, жол апатына ұшыраған. Оның төрт баласына анасы қарасқан. 4 ақпанда Алматы-Бішкек тас жолында жол апатынан 3 адам қаза тапқан болатын. Сая сол кезде көз жұмды. 

Лұқпан Ахмедяровтың Сая балаларын асырау үшін күндіз курьер, түнде такси жүргізушісі болып, тірліктің ауырлығын көрген. Әкімдік әйелге баспана алып беруге көмектесеміз деп уәде бергенімен, онысын орындамаған. Керісінше, әкімдік өкілі “үй сұрамасын” деп қорқытқаны туралы да ақпарат тарап жатыр. Блогер Айжан Хамит Бас прокуратурадан жесір әйелге қоқан-лоқы жасап, бопсалаған әкімдік өкілін жазаға тартуын талап еткен. Алматы әкімдігі жазбаны өшіруін сұрап марқұмның отбасына қысым көрсеткен көрінеді. Бірақ блогер жазбасын өшірмейтінін айтқан.

Төрт бала Саяның әпкесінің тәрбиесіне алынады деген де мәлімет бар. Бірақ оның жеке баспанасы жоқ. 6 қаңтарда Qazaq Stroy компаниясы жетім қалған балаларға баспана алып берді. 

КҮЙЕУІНІҢ ҚАЗАСЫ

Еркебұлан Сыдықбаев Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан. Сұхбат берген Сая Есенгелді күйеуіне оқ президент резиденциясы маңында тигенін айтқан еді. Еркебұлан 2022 жылы 17 қаңтарда ауруханада қайтыс болған. Сол кезде өз құқықтарын қорғау үшін Сая Есенгелді адвокат жалдауға жағдайы жоқтығын айтқан еді.