×
498.69
522.23
5.79
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.69
522.23
5.79

Болат Ақшолақов KAZENERGY төрағасы болып тағайындалды

Болат Ақшолақов KAZENERGY төрағасы болып тағайындалды

Болат Ақшолақов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТАҒАЙЫНДАУ

Бүгін KAZENERGY қауымдастығының басшылығындағы кадрлық өзгерістерге қатысты кезектен тыс жиналыс өтіп, жаңа төраға сайланды. Іс-шараға қауымдастық құрамына кіретін компаниялардың басшылары қатысты.

Мемлекет басшысының кеңесшісі болып тағайындалған Мағзұм Мырзағалиев KAZENERGY төрағасы ретіндегі өкілеттігінің тоқтатылғаны туралы хабарлап, осы лауазымға Болат Ақшолақовтың кандидатурасын ұсынды.

Болат Ақшолақовтың кандидатурасын KAZENERGY қауымдастығына мүше барлық компаниялар бірауыздан қолдады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, 13 ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеңесшісін ауыстырған болатын. Болат Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылып, орнына Мағзұм Мырзағалиев келген болатын.