17 ақпанда Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында орналасқан «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі «Жомарт» кенішінде тау жыныстары опырылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оқиға салдарынан жеті жұмысшы үйінді астында қалған.
Кабельдердің үзілуіне байланысты қазіргі уақытта жұмысшылармен байланыс жоқ.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) ақпаратты растады.
«Қазіргі уақытта "АСС Серіктес" ЖШС-нің құтқару бөлімшелері апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуде. Оқиға орнына жедел түрде Ұлытау облыстық және Қарағанды облыстық ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде кинологтар, Қауіпті медицина орталығының медицина қызметкерлері және Қазақстан Республикасы ТЖМ психологтары жіберілді», — деп хабарлады министрлік.
ТЖМ тарапынан жедел желі ұйымдастырылды: 8 (7271) 55-96-21.