×
499.76
521.7
5.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.76
521.7
5.63

«Рэкетир ІІІ» фильмін Қырғызстанда прокаттан алып тастады: себеп неде

21.02.2025, 08:19
«Рэкетир ІІІ» фильмін Қырғызстанда прокаттан алып тастады: себеп неде
ашық дереккөзден

Қазақстанның "Рэкетир: жаңа кезең" фильмі Қырғызстан кинотеатрларының бәрінен алынып тасталды. Бұл туралы қырғыз бұқаралық ақпарат құралдарына "Синематика" кинотеатрлар желісі хабарлаған, деп жазады Ulysmedia.kz.

Компания ақшаны қайтару үшін азаматтар кинотеатрлар әкімшілігіне жүгінуі қажет екенін ескерткен.

Kaktus.media басылымының хабарлауынша, туындыдан прокат куәлігі қайтарылып алынған. “Қырғыз тасмасы” мемлекеттік концерні мұндай шешімнің шыққанын кеше білген. 

"Шешімге не себеп болғанын "Қырғыз тасмасынан" нақтылаған дұрыс. Біз олардың шешімін орындаймыз. Егер біз бәрібін көрсетсек, айыппұл салынады. Жақын арада сатып алынған билеттердің қаражатын қайтарамыз. Клиенттер көп. Иә, фильм бүгін прокатқа шығуы керек еді, бірақ біз сейсенбіде алдын ала сатылымды аштық. Сеанстарға билеттерді бір апта бұрын сатып алуға болады. Адамдар демалыс күндері билеттерді белсенді түрде сатып алған еді, - деп хабарлаған "Синематика".

ФИЛЬМ ЖАЙЛЫ

"Рэкетир: жаңа кезең" фильмі - қазақ криминалдық драмасы. Бұл алғашқы екі серияның үшінші бөлімі. 2025 жылдың 13 ақпанында прокатқа шыққан. Серияның алғашқы екі фильмі 2007 және 2015 жылдары жарық көрді. Қазір Қазақстанда кассалық алымдар бойынша бірінші орында тұр.

Бұған дейін депутат Бақтыбек Марипов қырғыз жоғары кеңесінің құқықтық тәртіп комитетінің отырысында Қырғызстанда бандиттік идеологияны насихаттайтын фильмдерді көрсетуге тыйым салуды ұсынған болатын. Ол "Черный двор", "Слово пацана", "Бригада" сияқты фильмдер жасөспірімдердің психоэмоционалды жағдайына теріс әсер ететінін атап өткен.