Астанада төбелестің соңы адам өлімімен аяқталды. Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта адам өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Қазнетте Астанада төбелес болып, арты атысқа ұласып, салдарынан бір адам мерт болғаны туралы ақпарат тарады.
Астананың полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.
- Алдын ала мәліметтер бойынша, екі таныс адам жанжалдасып қалған. Артынша оның біреуі екіншісінің басынан оқ атып жіберген, дейді полицейлер.
Кдікті ұсталып, қамауға алынды.