Талдықорғанда мектеп оқушысы 21 жастағы жігітті мойнынан пышақтаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Әлеуметтік желіде Талдықорғанда 17 жастағы жасөспірім пышақпен шабуыл жасады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тарады.
Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оның ұсталғанын растады. Полиция дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
- Кәмелетке толмаған бала мамандандырылған есепке қойылды. Ал білім бөліміне тиісті ұсыныс жіберілді. Тергеу аяқталғаннан кейін жасөспірімнің ата – аналары баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деп хабарлады ведомство өкілдері.