×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Путин Украинаны сырттай басқаруды ұсынды - АҚШ реакциясы

Путин Украинаны сырттай басқаруды ұсынды - АҚШ реакциясы
AP Photo

Ресей президенті Владимир Путин Украинада заңды билік жоқ екендігін айтып, елге сыртқы басқару енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АҚШ НЕ ДЕЙДІ

Ресейге жауап ретінде АҚШ президентінің әкімшілігі Украинаны кім басқаратыны туралы шешімді тек оның халқы ғана қабылдай алатынын мәлімдеді.

- Украинадағы басқару жүйесін оның Конституциясы мен халқы анықтайды, деді аты-жөні құпия қалған АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Reuters агенттігіне берген сұхбатында.

ТРАМП НЕ ДЕГЕН ЕДІ

Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде украиналық әріптесін сауалнамалардағы "өте төмен рейтиңге" қарамастан, мемлекет басшысының "сайлаудан бас тартқаны" үшін сынға алған жазба жариялаған болатын. Ол Зеленскийді америкалық ақшаны "жеңіске жету мүмкін емес және басталмайтын соғысқа" жұмсады деп айыптады.

Сайлаусыз диктатор Зеленскийге асыққан дұрыс, әйтпесе оның елі дерлік елі қалмайды, - деп жазды америкалық көшбасшы.