×
518.21
590.09
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.21
590.09
6.3

Кімнің қай жерге т…п кеткенін наурыз көрсетеді: Базарбек Қошановтан ескерту естіді

Кімнің қай жерге т…п кеткенін наурыз көрсетеді: Базарбек Қошановтан ескерту естіді
Ulysmedia.kz коллажы

Депутат Бақытжан Базарбек мәжілісте ауыр сөйлеймін деп мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтан сөз естіді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бақытжан Базарбек өз сөзінде салық мәселесін көтерген болатын.  

Президент екі жыл бұрын салық әділ болуы керегін айтты. Қазір біз төлеп отырған салық әділ ме? Бірақ жаңа салық кодексі заңды күшіне енгеннен кейін төленетін салықтар әділ бола ма? Мен бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Қазір мұнайдың бағасы 60 доллардан төмендеп кетті. Ал біздің қаржы министрлігіміз бюджетті есептегенде 75 доллар деп көрсетіп қойған. Сонда қаншама дефицитті кім арқалайды? Қазақта “кімнің қайда тышып кеткенін наурыз көрсетеді” деген сөз бар. Қазанда үкімет бюджеттің игерілуіне байланысты есеп береді. Сол жерде кімнің қайда тышып кеткені, кімге қандай жеңілдік бергені, сол жеңілдіктің арқасында бюджетке қанша теңге түспей қалғаны, ұлттық қордан қанша алатынымыз сонда ғана анықталады. Сондықтан заңгер ретінде үкіметпен тығыз жұмыс істеуге дайынмын, дейді Бақытжан Базарбек. 

ҚОШАНОВТЫҢ РЕАКЦИЯСЫ

Ерлан Қошанов депутатты мәдениет сақтауға шақырды. 

Сөйлегенде мәдениетті сақтайық. Бұл ресми жиын. Парламент қабырғасы. Қызып сөйлегеніңізді түсінемін, бірақ мәдениетті сақтау керек, дейді мәжіліс төрағасы. 

САЙЫРОВТЫҢ ОҚИҒАСЫ

Еске салайық, бұған дейін депутат Ерлан Сайыров Олжас Бектеновке "сәлем айтамын" деп Ерлан Қошановтан сөз естіп қалған болатын.

Серіктес жаңалықтары