×
518.21
590.09
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.21
590.09
6.3

Ресейшіл блогер, Алматыдағы энергетик: Украинаға соғысқа кеткендердің ішінде кімдер бар

14.04.2025, 13:00
Ресейшіл блогер, Алматыдағы энергетик: Украинаға соғысқа кеткендердің ішінде кімдер бар
Ulysmedia.kz коллажы

Бұған дейін украиналық "Хочу жить" (Өмір сүргім келеді) жобасы Украинадағы соғысқа Ресей жағында қатысып жатқан 661 қазақстандықтың тізімін жариялаған еді. Қазақстандағы азаматтар тізімнен өз таныстарын көре бастаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Украинаның "Өмір сүргім келеді" жобасы жариялаған, Ресей жағында Украинада соғысып жатқан 661 қазақстандықтың тізімі ел ішінде үлкен резонанс тудырды. Жоба авторларының айтуынша, қазақстандықтар тізімнен өз таныстары мен қоғамға белгілі адамдарды көре бастаған.

Мәселен, бұрынғы Санкт-Петербургтегі ҚР Бас консулы Мейрам Қанапиянов әлеуметтік желіде екі қазақстандық туралы жазба жариялаған. Оның айтуынша, олардың бірі Оралдан, екіншісі Павлодардан шыққан азамат. Екінші азаматтың бірнеше баласы мен немересі бар, ұлты – қазақ.

Ресей мен КСРО-ның әскери тақырыбына қызығатын, Сталин мен Берияның шығармашылығына құрметпен қарайтын. Бар мәліметке қарағанда, тірі. Мүмкін, әскери мамандығы бар шығар, сол себепті де құндырақ, – деп жазады қолданушы.

Тағы бір П. атты қазақстандық ел ішінде ресейшіл блогер ретінде танымал болған. 2023 жылы Ресейге көшіп, Қазақстан азаматтығын сақтап қалған. 2024 жылы әскери келісімшартқа отырып, соғысқа аттанған.

Тізімде Алматы тұрғыны М. да бар. Соғысқа дейін энергетика саласында жұмыс істеген. Жобадағы мәліметке сәйкес, елдің энергетикалық жағдайына қатысты білімі болуы мүмкін. Ұлы мен күйеубаласы – Қазақстан Қарулы күштерінде қызмет еткен.

Әлеуметтік желілерді жаппай жаба бастады

Қазақстаннан шыққан жалдамалылар әлеуметтік желілердегі парақшаларын шұғыл түрде жаба бастаған.

О. бүгін таңертеңге дейін "Одноклассникиде" болған. Кеше ғана Б.-ның аккаунты ашық еді, бүгін жабылып қалыпты. Бірақ маған керектінің бәрін көріп үлгердім. Олар өзара байланыста болуы, бір-біріне осылай етуге кеңес беруі мүмкін. Қалай болғанда да, олар енді қауіпсіз жерде емес, – дейді Қанапиянов.

Контекст

"Өмір сүргім келеді" атты украиналық ақпараттық жоба Украина аумағында Ресей әскері қатарында соғысқа қатысқан деген Қазақстанның 661 азаматының тізімін жариялады. 2024 жылдың соңындағы дерекке сәйкес, олардың кемінде 78-і қаза тапқан.

Жоба авторларының айтуынша, ресейліктер "жақын шетелдерден" – Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғызстаннан шыққан мигранттарды соғысқа аттандыру ісімен айналысады.

Серіктес жаңалықтары