Мәжіліс қабырғасында бұрын коммунистер елде мүгедектердің жәрдемақысын, бала күтіміне байланысты және бала туған кездегі біржолғы жәрдемақыны көтеруді талап етіп, үкіметке депутаттық сауал жолдаған еді. Мәжілісмендер бұл тәртіпті 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу керектігін талап еткен болатын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖОСЫҚСЫЗ ЖОСПАР МА?
Айқын Қоңыров бастаған бір топ депутат бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін түйреп өткен. Мәселе мынада: 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Президентің шешімімен ең төменгі айлық 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге өседі. Алайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ретте мүгедектердің жәрдемақысын, бала күтіміне байланысты және бала туған кездегі біржолғы жәрдемақыны көтеру туралы бастаманы көтеріп отырған жоқ. 2022-2024 жылғы бюджет жобасында министрлік әлеуметтік жәрдемақылардың барлық түрін 5% өсіруді көздейді. Алайда мәжілісмендердің пайымдауынша, бұл «игілік» азық-түлік пен киім-кешекті сатып алмақ түгілі, инфляцияның статистикалық өсімін де жаба алмайды. Депутаттар 5% өсімді жосықсыз жоспарға теңеп отыр.
ЖӘРДЕМАҚЫ МӨЛШЕРІ ҚАЗІР ҚАНША?
Қазір мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мына мөлшерде:
Бала бір жасқа толғанша берілетін айлық жәрдемақы:
Бала туғанына байланысты берілетін біржолғы жәрдемақы:
Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы:
ТАЛАП – ЕСЕЛЕП КӨТЕРУ
Осы мәселені көтерген депутаттар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін баяғыдан-ақ «Бюджетті халықтан қорғау министрлігі» деп өзгертуді ұсынған еді. Мысқылдың соңынан нақты талап та қойылған: атап айтқанда, үкімет – 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектерге, бала күтіміне байланысты, көп балалы отбасыларға және басқаларға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақылардың, сондай-ақ ең төменгі зейнетақының ең төменгі жалақы мөлшерін еселей отырып, ұлғайту талабы қойылған.
«Біз тағы да баланың өмірлік, физиологиялық, білім беру, әлеуметтік, мәдени және спорттық қажеттіліктерін қанағаттандыратын балалардың тұтыну қоржынын әзірлеуді және енгізуді ұсынамыз», - деген еді депутаттар.
ҮКІМЕТ ЖАУАБЫ
Депутаттардың бұл сұрағына жауап берген үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов бүгінгі таңда республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақылардың 42 түрі, сондай-ақ базалық және ынтымақты зейнетақылар төленетінін жазыпты. Олардың мөлшерін белгілеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы және айлық есептік көрсеткіш сияқты көрсеткіштер қолданылады.
«Ана мен баланы қорғау, ана мен бала денсаулығын сақтау мәселесі мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесі әртүрлі өмірлік жағдайларды қарастырады және 1 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға, көп балалы және аналар, мүгедек балалары бар отбасылар, аз қамтылған және асыраушысынан айырылған отбасыларға көрсетіледі. Үкімет ана мен бала, балалы отбасыларды қолдауды қорғау, зейнетақыны жаңғырту, мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту, ең төменгі жалақы мен ең төменгі күнкөріс деңгейін көтеру мәселелері бойынша бірнеше рет нақты жауаптар жолдады. Сонымен қатар, депутаттық сауалда көрсетілген барлық мәселе бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарының шақыруымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кеңес өтеді», - деп жауап берді Ералы Тоғжанов.
Шенеуніктің жауабында депутаттар қойған талаптың қаанғаттандырылмайтыны анық жазылмаса да, Ералы Тоғжановтың сырғытпа жауап бергенін байқауға болады. Яғни коммунистердің жәрдемақыны «еселеп көтеру» талабы жаңа жылдан кейін орындалмайды.