Оқушыны зорлады деген арыз бойынша Қонаевта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алматы облысы полиция департаменті полицияның бұрынғы екі қызметкері ұсталғанын хабарлады.
– 7 қарашада полицияға Алматы облысының 43 жастағы тұрғыны бұрын белгісіз екі адамның кәмелетке толмаған қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген арызбен жүгінді. Полиция қызметкерлері оларды анықтап, 2000 және 2001 жылғы күдіктілерді ұстады", - делінген хабарламада.
Қылмыс жасалған кезде олар полиция органдарында жұмыс істегені нақтыланды. Алайда тергеу басталғаннан кейін олардың заңға қайшы себептермен жұмыстан шығарылған. Қазір екеуі де қамауда.