×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Майқайың кенішіне астаналық кинологтар тартылды

05.01.2024, 10:41
ТЖМ баспасөз қызметі

Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар «Майқайыңалтын» АҚ аумағында жоғары қауіпті режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов пен ТЖ вице-министрі Мереке Пішембаев жүр.

Төтеншеліктердің айтуынша, әлі де топырақ сырғып кетуде, үйіндінің шеті тұрақсыз.

– Іздеу жұмыстарына Астана қаласы мен Павлодар облысы ТЖД кинологиялық қызметі қосылды, – дейді департаментте.

Оқиға орнында ТЖМ, полиция, кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері республикалық орталық штабы, «103» қызметі бөлімшелерінен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан барлығы 116 адам мен 23 техника жұмылдырылды.

Естеріңізге салсақ, 4 қаңтарда сағат 01-25 шамасында Баянауыл ауданында «Майқайыңалтын» АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кетті.

Серіктес жаңалықтары