×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Шымкентте оқушы қыз өз-өзіне қол жұмсады

07.02.2024, 07:44
Шымкентте оқушы қыз өз-өзіне қол жұмсады
Ашық дереккөзден

Шымкентте оқушы қыз суицид жасады. Қайғылы оқиға 6 ақпанда "Низамхан" атындағы жекеменшік мектепте болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Оқушы қыздың 8-сыныпта білім алып жүргені белгілі болды. Ол алғашқы сабақта өзін нашар сезінген.

Директордың айтуынша, оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері келген.

Алдын ала мәлімет бойынша, 6 ақпанға қараған түні оқушы қыз бір уыс таблетка ішкен. Ол жансақтау бөліміне түскен, ал түске қарай қаралы хабар жеткен.

"Бала өзін нашар сезінді. Біз жедел жәрдем шақырдық, бірақ не болғанынан бейхабар едік. Сосын ол бізге жүректің 40 шақты таблеткасын ішіп, мектепке келгенін айтты. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қыз ренжулі болған жоқ, сыныптастарымен әңгімелесті. Олар түгел дерлік сыныбымен 79-мектептен ауысып келді. Мектепте қандай да бір буллинг болды деп айта алмаймын", - дейді "Низамхан" жекеменшік мектебінің директоры Юлия Сергеевна.

Директордың айтуынша, ол бірінші рет өзіне қол жұмсап отырған жоқ. Психологтар қызбен қарашадан бері қызбен жұмыс істеген.