×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Қостанай облысында 93 мың бөтелке алкоголь тәркіленді

27.10.2021, 11:02
фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысында алкоголь өнімін лицензиясыз сату дерегі анықталды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қазақстанда алкоголь өнімдерін сату және сақтау лицензияланатын кәсіпкерлік түріне жатады, дейді қаржылық мониторинг агенттігі.

Құрамында спирті бар өнімдерді заңды түрде сату үшін кәсіпкерлер ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңының 28-бабына сәйкес арнайы лицензия алуы тиіс. Бұған қарамастан рұқсат беру құжаттарынсыз алкогольді заңсыз сату деректері орын алып жатыр.

Осылайша, қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері алкоголь өнімін жалған есепке алу-бақылау таңбаларымен және лицензиясыз сату дерегінің жолын кесті. Олар қойма меңгерушісі И.Мащенконың белгісіз тұлғадан құрамында спирті бар өнімді сатып алғанын анықтады. Содан кейін оларды Қостанай қаласының дүкендерінде қайта сатқан. Барлығы жалған белгілері бар 52 маркалы алкоголь өнімінің 93 мыңнан астам бөтелкесі тәркіленді. И.Мащенкоға 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары