×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алматыда 233 адам коронавирус жұқтырған

Алматыда 233 адам коронавирус жұқтырған
Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова жыл басынан бері қалада коронавирустық инфекция жұқтырған 233 адам анықталғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның мәліметіне қарағанда, науқастардың 14%-ы 14 жасқа дейінгі балалар. 

Жыл басынан бері коронавирустық инфекция жұқтырған 233 адам анықталды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 30 жағдай, жасөспірімдер арасында - 6 жағдай, ересектер арасында - 197 жағдай тіркелді. 18 ақпанға дейін КВИ мен ауырғандардың  ішінде кәсібі бойынша жұқтарғандар: 27,9% - жұмыссыздар, 15,0% - әртүрлі ЖШС - де жұмыс істейтіндер, 11,6% – мектеп жасына дейінгі балалар, 27,5% - зейнеткерлер, 3,9% - студенттер, – дейді Әсел Қалықова.