27 қазан күні кешке Пенжім ауылында жаппай тәртіпсіздік орнады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
27 қазан күні Панфилов ауданының аудандық ауруханасына мектептен дене жарақаттарын алған 16 жастағы жеткіншек жеткізілді.
Полиция мәліметінше, төбелеске 9 және 10 сыныптарда оқитын екі оқушы арасындағы ұрыс-керіс себеп болған.
Қылмыстық кодекстің 106 бабы, 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Төбелеске қатысқан барлық адам анықталды. Қазір зардап шеккен баланың халі тұрақты.