×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ақмола облысында әкімдік 750 млн теңгеге қазандық сатып алмақ болған

24.02.2024, 10:45
Ақмола облысында әкімдік 750 млн теңгеге қазандық сатып алмақ болған
Фото: ашық дереккөз

Ақмола облысында аудан әкімдігі 730 миллион теңгеге заңсыз қазандық сатып алмақ болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ауданның жергілікті атқарушы органы жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарында блок-модульдік қазандықты бәсекелестіксіз тәсілмен, яғни тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алуды көздегені анықталды, - делінген облыс прокуратурасының хабарламасында.  

Прокурорлық қадағалау актісімен аталған сатып алудың күші жойылып, ашық конкурс арқылы сатып алуды ұйымдастыруға қатысты жылдық жоспарға өзгерістер енгізілді.

Аудандық прокуратура алдын ала 730 млн теңгеге заңсыз сатып алудың жолын кесіп, кәсіпкерлік субъектілерінің ашық конкурсқа бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етті, - деп мәлімдеді ведомстводан.