×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Мұхаммед деп атаған»: Бас мүфти Атырау облысында 20 миллионыншы сәбиге бата берді

24.02.2024, 17:05
«Мұхаммед деп атаған»: Бас мүфти Атырау облысында 20 миллионыншы сәбиге бата берді
Фото: .muftyat.kz

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына сапары барысында еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны дүниеге келген шаңыраққа арнайы барды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚМДБ төрағасы сәбидің ата-анасы Берік Жұмағазиев пен Айдана Оразымбетоваға сый-сияпат көрсетті.

Балапандарыңыздың бауы берік болсын! Көз-қуаныштарыңыз болып өсе берсін. Атына заты сай азамат болғай! - деп батасын берді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Жат ағымдардың билікке бару мақсаты болады – бас мүфти

Айта кетейік, еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны болып тіркелген мерейлі 5 сәби Ұлытау, Жетісу, Ақмола, Түркістан және Атырау облыстарында дүниеге келген болатын. Олардың үшеуі – ұл, екеуі – қыз. Барлығы да 2023 жылдың 14 қараша күні таңғы сағат 8:10-да дүние есігін ашты.

Берік Жұмағазиев пен Айдан Оразымбетованың отбасында өмірге келген сәбидің есімі – Мұхаммед.