Бейнеудегі «Али-ман» мекемесіне барғаннан кейін 23 адам орталық аудандық ауруханаға жатқызылды, деп жазады Ulysmedia.kz Lada-ға сілтеме жасап.
Олар бұл орынға 23 ақпанда кешке барған.
Аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне 15 адам жеткізілген, оның ішінде балалар да, ересектер де бар. Уланғандар арасында жүкті әйел де болған. Қалған сегіз адам емді үйінде алып жатыр.
Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеру жүргізіп жатыр.