×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Жамбыл облысында әкімдік 479 млн теңгені негізсіз жұмсамақ болған

29.02.2024, 15:34
Фото: ашық дереккөз

Облыс прокурорлары 479 млн теңгеге заңсыз мемлекеттік сатып алудың жолын кесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қордай ауданының бақылаушы органы жергілікті әкімдіктің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң талаптарын сақтауына талдау жүргізілген.

Тексеріс барысында құны 479 млн теңгеге облыстық маңызы бар автожолдың орташа жөндеу жұмысы бойынша мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысын дұрыс анықтамау фактісі әшкере болды.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде аталған конкурс бұзылды, — делінген прокуратура хабарламасында.

Нәтижесінде бюджет қаражаты негізсіз жұмсалмайтын болды.

Серіктес жаңалықтары