Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті дабыл белгісін қосты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жер сілкінгенін сезіп, дабыл белгісін естіген алматылықтар көшеге шығып, қауіпсіз орын іздей бастаған.
ТЖМ табиғи жайтқа “қатты жер сілкінісі” деп баға берді.
– 4 наурыз сағат 11.22-де Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді. ҚР ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станцияларының желісі өңделіп жатыр. Эпицентрі, қанша бал болғаны туралы ақпарат нақтыланады, – деп хабарлады ТЖМ.
Ақпарат толықтырылады.