×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Ресейден елге жеткізілген бір тонна қызанақтан вирус анықталды

05.03.2024, 16:19
Фото: АШМ баспасөз қызметі

Орал қалалық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары бір тонна қызанақтан вирус анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ресейден әкелінген қызанақтарда қоңыр түсті жеміс вирусы (ToBRFV) бар болып шыққан.

Қазақстан аумағына вирусты өнімді әкелгені үшін алушыға қатысты хаттама жасалды. Ол кінәлі деп танылып, 77 532 теңгеге айыппұл салынды.

Барлық өнім арнайы бөлінген жерде өртелді. Жою жергілікті атқарушы органдардың, Экология департаментінің, Орал қалалық аумақтық инспекциясының басшысынан тұратын комиссияның қатысуымен, сондай-ақ карантинге жатқызылған өнім иесінің, Мемлекеттік инспекция комитетінің қатысуымен өтті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешенінен хабарлады.

Серіктес жаңалықтары