×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қосшыда салық қызметкері тұрғындар атынан шағын несие рәсімдеген

11.03.2024, 10:41
Қосшыда салық қызметкері тұрғындар атынан шағын несие рәсімдеген
Фото: freepik.com

Қосшы қаласында салық қызметкері жергілікті бес тұрғынның атынан жасырын түрде шағын несие алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Күдікті декларация тапсыру қажет деген желеумен азаматтарға телефон соққан. Кездесулер барысында телефон камерасы арқылы жеке басын куәландыратын мәліметтер мен биометриялық деректерін алып, оларға онлайн несие рәсімдеп, шотына ақша аударған, - деп мәлімдеді Ақмола облымсы прокуратурасынан.

Сотталушыға қатысты алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Біз азаматтарды барлық ақпаратты мұқият тексеріп, онлайн режимінде әртүрлі қаржылық операцияларды жүзеге асыру туралы бейтаныс адамдардың ұсыныстарына сыни көзқараспен қарауға шақырамыз, - дейді прокурорлар.