×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Шығыс Қазақстанда жол апатынан 5 адам қаза тапты

29.10.2021, 19:22
Фото: ашық дереккөз

Өткен тәулікте өңірде үш жол-көлік оқиғасы болып, бес адам, оның ішінде бір бала қаза тапты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, алғашқы екі қайғылы оқиға Семей қаласының маңында қала сыртындағы тас жолында болған.

28 қазан күні сағат 18:15-те қала маңындағы автожолда «Volkswagen» маркалы автокөліктің 21 жастағы жүргізушісі 2012 жылы туған, кәмелетке толмаған жаяу жүргінші баланы қағып кетті. Ол алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Сол күні, кешкі уақытта «Семей-Талица» бағытындағы автожолда 66 жастағы «ПАЗ» маркалы автобустың жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінде тұрған 45 жастағы ер адамды қағып кетті. Зардап шеккен адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Үшінші жол апаты Павлодар облысына 1 ша0ырым жетпей «Омбы-Майқапшағай» автожолында болды. Онда «Хонда» маркалы автокөлігінің жүргізушісі жылдамдық режимінің асып кетуінен рөлге ие бола алмай, көліктің аударылуына жол берді, соның салдарынан өзі және көлікте болған екі жолаушы оқиға орнында қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары