Қайғылы оқиға Келес ауданында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі 16 наурызда Түркістан облысының Біртілек ауылында, 2019 жылғы бала сағат 15:00-де үйден шығып, қайтып оралмағаны туралы ақпарат келіп түскенін хабарлайды.
Кейбір ақпараттарға сәйкес, баланың аяқ киімі суару каналы маңынан табылған.
Ал бүгін сағат 16:40-та іздеу тобы жоғалған бүлдіршіннің денесін үйден 2 км қашықтықтағы судан тауып, сыртқа шығарды.
Іздеу жұмыстарына 93 адам, 4 ТЖД техникасы, және полиция жұмылдырылды.