×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенді

18.03.2024, 15:55
Фото: видеодан скрин

Алматыда куәгерлер Алматыдағы Момышұлы көшесінің бойында құрылысы аяқталмаған тұрғын үй кешенінен шыққан қара түтінді видеоға түсіріп алған. Оқиғаға байланысты қаланың Төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өрттің кадрлары Kris_p_almaty Telegram-дағы арнасында пайда болды. Видеодан қалың қара түтін шығып жатқан құрылыс алаңын көруге болады. Сондай-ақ кейбір кадрларда ғимараттың төменгі қабаттарындағы лаулап жанып жатқан аумақтар көрінеді.

Оқиғаның Момышұлы мен Универсиада көшелерінің қиылысында болғанын белгілі болды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 13:58-де жеткен.

Оқиға орнына жеткен кезде салынып жатқан 5 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында 15 шаршы метр аумақта пластик құбырлардың өртеніп жатқаны анықталды, – деп хабарлады ведомстводан.

Өрт сағат 14:08-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Алматы қалалық ТЖД жеке құрамынан 13 адам мен 3 техника жұмылдырылды. 

 

Серіктес жаңалықтары