×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстандағы 18 ауыл қалаға айналуы мүмкін

19.03.2024, 10:42
Қазақстандағы 18 ауыл қалаға айналуы мүмкін
Коллаж: ulysmedia.kz.

Олардың қалаға айналу немесе айналмау мәселесін облыстардың билігі шешеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкіметтегі мәселе

Үкімет отырысында бүгін !Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы талқыланған. Премьер-министр Олжас Бектенов халықтың  ірі елдімекендерге көшіп жатқанын, халық тығыз орналасқан ауылдардың мәртебесін қайта қарау керектігін айтқан.

– Қазір осындай ауылдардың саны қанша? Бұл бағытта қандай жұмыс атқарылып жатыр? – деп сұрады ол орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтан.

Бұл сұраққа жауап берген Байбазаров елде 10 мыңнан астам тұрғыны бар ауылдың саны – 112 екенін айтты.

– Оның ішінде 18 елдімекенде 30 мыңнан аса адам тұрады. Олардың мәртебесін өзгерту үшін заңнамада тетіктер бар. Мысалы, 3 жыл бойы халық саны 10 мыңнан асып отырса, онда облыс мәслихатының деңгейінде осы ауылдардың мәртебесін өзгерту құқығы бар, яғни қалаға айналдыру. 2021 жылдан бастап (заң) қолданысқа енген болатын. Қазіргі таңда облыс әкімдіктері мәслихаттардың өтініміндерін қарастырып жатыр. Бірақ әлі нақты шешім қабылданбаған, жұмыс жүргізілуде, – дейді ол.

Премьер-министр Олжас Бектенов “бұл міндет па, әлде тұрғындардың құқығы ма” деп ескертті.

– Иә, үш жыл бойы халықтың саны 10 мыңға көбейсе, онда қалаға айналдыру мүмкіндігі бар. Тиісті облыс әкімдіктері шешім қабылдайды, – дейді Байбазаров.

Соңғы 10 жылда елімізде 582 ауыл жойылған

Үкімет отырысында Нұрлан Байбазаров айтты. Оның сөзінше, бүгінгі таңда республикамызда 6 256 ауылдық елді мекенде 7,6 млн адам тұрады. Жалпы еліміздегі халық санының 38,4 пайызын құрайды.

– Бұл ретте табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен ауыл халқының үлесі - 7,2, ал жұмыссыздық деңгейі - 4,7. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үлесі – 33 пайыз немесе 1,2 млн адам. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңның талаптарына сәйкес жүргізілген жұмыстар нәтижесінде соңғы 10 жылда ауылдық елді мекендер саны 6 838-ден 6 256 дейін, яғни 582 бірлікке қысқарды. Негізінен, ауыл санының қысқаруы, тұрғын саны 50 адамнан кем ауылдар жақын маңдағы елді мекеннің құрамына енгізілуінен болады», - дейді министр.

Байбазаровтың сөзінше, министрлік жыл сайын Өңірлік стандарттар талаптарына сәйкес ауылдардың қамтамасыз етілуіне мониторинг және талдау жүргізеді. Мәселен, 2023 жылы қамтамасыз ету деңгейі 64,3 пайызды құрады. Ол 2022 жылмен салыстырғанда 2,1 тармаққа жоғары. Бұл ретте, объектілермен және қызметтермен қамтамасыз етілудің ең жоғары деңгейі Маңғыстау – 72,4, Атырау – 70 және Ақтөбе облыстарында 69,6 пайыз деңгейінде байқалады. Қамтамасыз етілу деңгейі төмен келесі облыстар: ШҚО – 58, Ұлытау – 57 және Абай – 55,4 пайыз.