×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Шығыс Қазақстан облысында әкім жергілікті тұрғынды сотқа берді

20.03.2024, 10:16
Шығыс Қазақстан облысында әкім жергілікті тұрғынды сотқа берді
Фото: freepik.com

Жергілікті тұрғын әлеуметтік желіде Шемонаиха қаласының әкімін "патшаға" теңеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шемонаиха әкімі Егор Драчев әйелдің үстінен сотқа арызданған. Онда әкімнің бұл пікір туралы 2024 жылдың 2 наурызында білгенін айтқан.

Әкім Драчев қайда? Қазір оның 50 миллион тұратын көліктері бар. Бұл мәселелер оған жат, бұрын әкім еді. Қазір патша, – деп жазған әйел желідегі пікірінде.

Әкім бұл сөздер оның абыройы мен намысына нұқсан келтіреді деп есептейді.

Соттан жоғарыда аталған ақпараттың шындыққа жанаспайды және менің ар-намысыма нұқсан келтіреді деп тануын сұраймын, – делінген әкімнің арызында.

Шемонаиха ауданының әкімдігі сотқа шағым берілгенін растады.