×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Шымкентте бастығына арыз жазып аты шыққан полицей ұсталды

21.03.2024, 11:34
Шымкентте бастығына арыз жазып аты шыққан полицей ұсталды
ZTB

Шымкентте полиция қызметкері Азамат Айымбетов "бопсалау және пара алды" деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Шымкент полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы Шымкент патрульдік полиция ротасының командиріне қатысты делдалдар арқылы бопсалау және пара алу фактісі туралы қала тұрғындарының арыздары негізінде қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті ұсталып, қамауға алынған.

2022 жылы Азамат Айымбетов өзінің бастығы полковник Мұхтар Бұхарбаевқа қымбат заттарды, авиабилеттерді, жиһаздарды, шырша сатып алуға мәжбүр етті деп, арыз жазған еді. Әлеуметтік желіге таратқан видеосында Айымбетов 10 жыл бойы полиция сапында жүріп, ешқашан өз аты былғанбағынын мәлімдеген.