×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алматы тауларында қар көшкіні жүрді (ВИДЕО)

22.03.2024, 17:03
Алматы тауларында қар көшкіні жүрді (ВИДЕО)
Фото: ortcom.kz

Алматыдағы «Pioneer» тау шаңғы курортының маңында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды Ulyamedia.kz.

Әлеуметтік желіде қар көшкінінің видеосы пайда болды.

Букреев шыңынан қар көшкіні жүрді. Адамдар өлуі мүмкін, - делінген жазбада. 

ТЖМ хабарлауынша, 22 наурыз күні таңертең  жылымықтың әсерінен, сондай-ақ жауын-шашынға байланысты Қотырбұлақ өзенінің бассейнінде қар көшкіні еріп, қар массасы «Pioneer» тау шаңғысы курортының құрылысына дейін жетті. Таулы кешен жұмыс істемеген, абырой болғанда зардап шеккен адамдар жоқ.

Сарапшылар түскен қар массасының көлемін өлшеу және есептеуі  ауа райының қауіпсіз жағдайына келгенде жүзеге асырылатын болады деп хабарлады.

Айта кету керек, бұған дейін 20 наурызда «Қазселденқорғау» ММ қалалық филиалы «Pioneer» курорты әкімшілігіне көшкін қаупі және қажетті шаралар қабылдау туралы  ұсыныс берген болатын.

Жоғарыда аталған мамандардың ұсынысы бойынша адамдардың жүруіне  шектеу орнатылған.

Алматы өңірінде 165 қар көшкіні алқабы бар, оның 18-і қауіп төндіреді.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 20 наурызындағы дауылды ескерту негізінде қалалық ТЖД қар көшкінінің түсу қаупі туралы хабарлады. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан тік қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. ТЖМ тауларда абай болуға шақырады.