×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Талғар ауданында лай көшкіні қаупі туындап, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді

23.03.2024, 10:48
Талғар ауданында лай көшкіні қаупі туындап, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді
Ашық дереккөзден

Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында "Бурабай" коттедж қалашығында ауа райының тұрақсыздығына байланысты 21-23 наурыз аралығында жауын-шашынның салдарынан топырақтың батпақтанып, сол маңдағы тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Соның салдарынан таудың баурайынан аумаққа топырақтың өздігінен екі жеке тұрғын үйге түскені жөнінде хабарлама келіп келді. Түскен топырақтың болжамды көлемі 500 текше метрді құрайды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

23 наурызда сағат 06.00-де Алтай көшесі бойындағы баурайдың жоғарғы бөлігінде орналасқан аулалық ғимараттары бар тұрғын үйдің құлау қаупі бар.

Деректер мен жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.

Оқиға орнында 18 адам және 6 бірлік ТЖД техникасы, "Қазселденқорғау", ШОБ жұмылдырылды.