×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Алдағы күндері бірқатар өңірде жауын жауады

15.09.2021, 11:21
фото: ашық дереккөзден

Қазгидромет Қазақстан бойынша 16-18 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бейсенбіден бастап елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында, ал 17 қыркүйектен бастап республиканың орталығында жаңбыр жауады. Қазақстанның қалған аумағында жоғары атмосфералық қысым аясында жауын-шашынсыз ауа-райы болжанады.

«Ауа температурасы төмендейді. Батыста түнде 3-11-ден 1-9-ға дейін, күндіз 15-23-тен 10-18-ге дейін салқындайды. Солтүстік-батыста түнде 7-12-ден 2-7-ге дейін күн суытады. 18 қыркүйекте солтүстікте 3 градус үсік жүреді, күндіз 17-25-тен 10-17-ге дейін салқындайды. Солтүстікте түнде 8-13-тен 2-10-ға дейін суытады. Облыс орталығы мен шығысында 5-15 градус жылы болады, күндіз температура 20-28-ден 15-25 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 28-35 градус жылы болады», - дейді синоптиктер.

Серіктес жаңалықтары