2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жария болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Бұған дейін «сары аймақта» болған Алматы облысы «жасыл аймаққа» өтті.
«Қызыл аймақта»: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары.
«Жасыл аймақта»: Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары.