×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Қарашада ауа райы қандай болады

01.11.2021, 13:30
фото: ашық дереккөзден

Қазгидромет 2021 жылғы қарашаға арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қараша - күзден қысқа біртіндеп ауысу кезеңі. Бірінші онкүндіктің басында Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында, 3 қарашадан бастап еліміздің оңтүстік өңірлерінде, онкүндіктің соңында республиканың солтүстік - батыс жартысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, тұман, көктайғақ құбылыстарымен, желдің күшеюімен (солтүстік жартысында бұрқасынмен) күтіледі.

3-4 қарашада республиканың басым бөлігі Карск теңізі аудандарынан ығысатын суық антициклон ықпалында болады. Ауа температурасының төмендеуімен аязды, нағыз қысқы ауа райы болжанады (батыс аймақтарды қоспағанда):

- Қазақстанның батысында түнде 0,+8°С-тан -5+2°С-қа дейін, күндіз +10+18°С-тан 0,+10°С-қа дейін;

- елдің солтүстік-батыс жартысында, орталығында және шығысында түнде -5+5°С-тан -5-15°С-қа дейін, қиыр шығыста -20°С-қа дейін, күндіз +2+8°С-тан -3-10°С-қа дейін;

- ҚР оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде -3+5°С-тан -1-13°С-қа дейін, күндіз +10+16°С-тан -5+3°С-қа дейін.

Бірақ кезеңнің ортасынан бастап температура фоны біртіндеп жоғарылайды деп болжанып отыр. Екінші онкүндіктің бірінші жартысында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын солтүстік-батыс циклон анықтайды. Соған байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі: екпінді желмен, бұрқасынмен қайтадан жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) жауады. Содан кейін суық ауа массаларының Ресей аумағынан енуімен екінші онкүндік соңында, үшінші онкүндік басында және соңында температуралық фонның төмендеуі болжанады. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында ең суық күндері термометр бағаналары түнде -17-25°С-қа дейін, күндіз -8-13°С-қа дейін, ал елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында – түнде -5-17°С-қа дейін, күндіз -2-7°С-қа дейін түсуі мүмкін. Күндіз елдің солтүстік жартысында аяз әлсіреп, ауа температурасы әлсіз оң мәндер шегінде болады. Ал оңтүстік жартысында ауа температурасы +3+12°С-қа дейін жоғарылайды.

Серіктес жаңалықтары