×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Маңғыстау облысында балабақша тәрбиешісі 2 жасар баланы ұрған

04.04.2024, 10:29
Маңғыстау облысында балабақша тәрбиешісі 2 жасар баланы ұрған
Фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты екі жасқа толмаған баланы ұрып-соққаны үшін балабақша тәрбиешісіне үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сотталушы М., яғни балабақша тәрбиешісі  балабақшаның балаларға арналған жатын  бөлмесінде бола тұра, екі жасқа толмаған А-ны ұрып-соғып, дене жарақатын келтірген. Сот отырысында М. жәбірленушіден кешірім сұрайтынын, жасаған әрекетіне өкінетінін, бұл іс-әрекетінің өзіне өмірлік сабақ болғанын, енді қайталанбайтынын айтып көрсеткен. Сотталушының кінәсі оқиға орнынан алынған бейнежазбаның көшірмесімен, куәлардан жауап алу хаттамасымен дәлелденді, – делінген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сот үкіміне сәйкес, тәрбиешіге 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 172 50 теңге айыппұл жазасы тағайындалды. Сондай-ақ ол кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу қызметімен айналысу құқығынан бір жылға айырылады.