×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Базарды су алып кетті, үш-төрт күн ұйықтамай жүргендер бар»: Құлсарыда да су тасып жатыр

05.04.2024, 15:12
«Базарды су алып кетті, үш-төрт күн ұйықтамай жүргендер бар»: Құлсарыда да су тасып жатыр
Фото: Скриншот

Су тасқыны бірнеше күннен бері Атырау облысы Жылыой ауданы халқының да ұйқысын қашырған. Үш-төрт күннен бері Жем өзені тасып, жиналған халық құтқарушылармен бірге бөгеу жасап, тасқын салдарын барынша жеңілдетуге тырысап бағуға бекінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

“Құлсарының ішіне су кірді”

Ulysmedia.kz порталының тілшісі құлсарылықтармен сөйлесіп, жағдайды біліп көруге тырысқан. Азамат Төрехан атты жергілікті тұрғын қала халқы жиналып, төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлерімен бірге жүргенін айтады.

– Үш-төрт күн болды. Әкімдік тарапынан техникалар, күректер мен қолғаптар беріліп жатыр. Бірақ келіп жатқан судың көлемі үлкен, ауқымды болғаннан кейін үлгере алмай жатырмыз. Үш-төрт күннен бері тәулік бойы ұйықтамай, жұмыс істеп жатқан адамдар бар. Қапқа топырақты толтырып, үш-төрт қатар қылып, бөгет ретінде қойып жатырмыз. Су Жем өзенінен келіп жатыр. Қазір қаланың адамдарды жиналып, жан-жақты жұмылып, су тасқынымен күресіп жатыр. Жан-жаққа бөлініп кетіп, қаланың әр ауданына қажетті заттарды жеткізіп, жүгіріп жүрміз. Көмектесетін адамдар көбейіп барады, – дейді ол.

Оның айтуынша, қазір базарды, Вахтовый деген ауылды да су алып кеткен.

Әкімдік не дейді?

Жылыой ауданы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін осындай шешім қабылданып отыр.

Құлсары қаласындағы «Достық» шағын ауданы мен 5-ауылды жалғап тұрған көпір ішінара бұзылды. Бұл көпір ішінара бұзылғанымен, көлік қатынасына кері әсер етпейді. Себебі, мұнда көлік қозғалысына арналған басқа жол бар. Тасқын судың деңгейі түскеннен кейін аталған көпір қайтадан қалпына келтірілетін болады, - деп хабарлады аудандық әкімдік.

Аудандық жедел штабтың шешімімен бұл көпірдің үстімен жүру қауіпті деп танылған. Өйткені, көпір астымен ағысы жоғары тасқын су өтіп жатыр. Сондай-ақ моноқаланың Ұ.Әбдірахманов көшесіндегі көпір уақытша жабылған. 

Қазақстандағы су тасқыны

Биылғы тасқын Қазақстанның бірнеше өңірінде болып, жылдағыдан қарағанда күрделі жағдай туғызды. Әуелі Көкшетаудағы Қылшақты өзені арнасынан асып, 16 жеке үй, 29 жеке аула аумағы және 12 көпқабатты тұрғын үй ауласы, сондай-ақ "Еркөстік"балабақшасының 1-қабатына су жайылған.

25 наурызда Көкшетау қаласындағы № 22 орта мектеп ғимаратын еріген су басып қалды.

Ақтөбедегі Сазды өзені арнасынан асты.

Бас прокуратура Қазақстандағы су тасқынының салдары туралы мәлімдеме жасады. Ең күрделі жағдай Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай және Ұлытау облыстарында байқалатынын хабарлады.

Бектеновтың тапсырмасы 

Үкімет басшысы Олжас Бектенов бүгін су тасқынына байланысты үкімет мүшелері мен министрлерге бірқатар тапсырма берді. Оның айтуынша, эвакуациялау – бірінші кезекте, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бектенов сол себепті құтқарушылардың жұмысын қиындатпай, оларға қарсылық емес, керісінше, қолдау көрсету керектігін айтады.

Қазақстанның бірнеше өңірінің халқы неше күннен бері су тасқыны азабын көріп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқының жағдайына “тұрақты-күрделі” деп баға береді. Батыс аймақтарда су аздап төмендеген, орталық, солтүстік және шығыс бөліктерінде керісінше өзендер деңгейінің қарқынды жоғарлауы байқалады. Су басу аймағында 5 облыстар қалуда, әкімдіктермен жергілікті ауқымдағы 20 төтенше жағдай жарияланған.