Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысынан онлайн брифинг өткізіп, өңірдегі ахуал жайлы баян етті, деп жазады Ulysmedia.kz.
«Жайық өзені деңгейінің көтерілуне байланысты, Ақтөбе облысынан Елек өзенінің суын есептегенде, оған қоса Ирикли (Ресей) су қоймасынан көбірек судың келуіне байланысты өңірде әлі де су тасқыны қаупі жоғары. Бұл едәуір үлкен тәуекелдер. Мен әкімдік пен жергілікті атқарушы органдарға Жайық өзенінде судың тасуына байланысты болжау жұмыстарын екі күн ішінде әзірлеуді тапсырдым. Біз Жайық өзенінің деңгейі едәуір көтеріледі деп күтіп отырмыз. Ресей шекарасынан судың жетуі шамамен әдетте 20-25 күнде келетін. Бірақ бұл жолы 15-20 күннің ішінде жетуі мүмкін», - дейді Бозымбаев.
Еске сала кетейік, бүгін үкімет басшысы Олжас Бектенов ауыз судың сапасы мен эпизоотиялық жағдайға бақылауды күшейтуді тапсырған еді.
Премьер-министр, штаб жетекшісі Олжас Бектенов келесідей тапсырмалар беріп отыр.