×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Өскеменде көмір алуға бірнеше күн кезекте тұрған ер адам өзін өртеп жібермек болды

01.11.2021, 22:34
Өскеменде көмір алуға бірнеше күн кезекте тұрған ер адам өзін өртеп жібермек болды
Фото: ашық дереккөз

Оқиға 27 қазан күні қаланың сол жағалауында орналасқан теміржол маңында болған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

YK-news.kz-ның мәліметінше, полицияға көмірді күтіп тұрған жүргізушілердің бірі жолды жауып, өзін өртеп жіберем деп қорқытып тұрғаны туралы хабар түскен.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына келген кезде қолында канистрі бар ер адамды көреді. Өзін өртеп жіберетінін айтып, қорқытып тұрған Ұлан ауданының тұрғыны болып шықты. Ол бірнеше күн бойы көмір алу үшін кезекте тұрғанын айтқан.

«Полиция қызметкерлері оның қолындағы канистрді алып алды. Дау-дамайды басуға келген әкімдік өкілдері оған көмірді кезексіз беруге шешім қабылдады. Кезекте тұрған басқа адамдар қарсы болған жоқ», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, осындай әрекет жасаған Ұлан ауданының тұрғынына 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.