×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Оралдағы өзен деңгейі шекті деңгейге жақындады

20.04.2024, 10:11
Оралдағы өзен деңгейі шекті деңгейге жақындады
inbusiness.kz

Орал қаласында су тасқыны жағдайы күрделенуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жергіілкті жедел штаб Жайық өзеніндегі су деңгейі бір тәулікте 34 сантиметрге көтеріліп, критикалық деңгейге жақындағанын хабарлады.

«Оралдағы Жайық өзенінің деңгейі +34 см көтеріліп, 8,50 метрге жетті», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Батыс Қазақстан облысына келген болатын. Шыңғыс Әрінов жұмыс сапарымен Бөрлі ауданындағы елді мекендерде орнатылған қорғаныс бөгеттерін аралаған болатын.

Еске сала кетейік, елімізде бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланған болатын. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.