×
479.38
531.63
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.38
531.63
5.27

Орал қаласында үйдің ауласынан мина табылды

04.11.2021, 21:19
Фото: ашық дереккөз

Оқиға 3 қараша күні сағат 16.30-да Сарайшық көшесіндегі 92/1-мекенжайында болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, аталған мекенжайда тұратын 35 жастағы ер адам жер қазу жұмыстары кезінде минаға ұқсас зат тапқан. Мамандардың пайымдауынша, бас жарылғышы жоқ, танкіге қарсы қолданылатын мина азамат соғысы кезінен қалған.

БҚО полиция департаментінің саперлары минаны қауіпсіз жерге, полигонға шығарып, сағат 18.12-де жойды. Зардап шеккендер жоқ.
 

Серіктес жаңалықтары