Екі оқушы ойнап жүріп, 12 арба шөпті өртеп жіберді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, осы жылы 1 қараша күні Павлодар ауданындағы ауылдардың бірінде балалар өзге тұрғынның шөбі өртеді.
«Тергеу анықтағандай, 2 және 3-сыныптың екі оқушысы өрттің шығуына себепкер болған. Олар ойын кезінде бір үйдің ауласында абайсызда шөпті өртеп алды», - делінген баспасөз хабарламасында.
Балалардың сіріңкемен ойнауының салдарынан 12 шөп арбасы жанып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 720 мың теңгені құрады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Балалар келтірген шығынды олардың заңды өкілдері өтейді.