×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қарағандыда мемлекеттік жерді заңсыз игергендер ұсталды

05.11.2021, 21:47
Фото: 24kz

Қарағанды облысының экологиялық департамент өкілдері полициямен бірлесіп мемлекетке тиесілі жерде еш рұқсатсыз жұмыс жүргізіп жүрген топты құрықтады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

24kz-ның мәліметінше, олар арнайы техникамен қатар қашықтан металл іздейтін құрылғылармен жабдықталып, ескі қоқыс полигоны орнында жұмыстарын белсенді жүргізген. Құзырлы мамандар келген кезде күдікті топ техникасын тастап жан-жаққа қаша жөнелді. Оларды қайтадан қолға түсіру қиындық тудырған жоқ. Ал заңсыз жұмыс жүргізген жердің қасында қара метталл қабылдайтын пункт тұр, олар темірдің бір келісін 115 теңгеден қабылдайды.

Тек биылдың өзінде экологтар Әлихан Бөкейхан ауданы бойынша 136 заңсыз қоқыс полигонында қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізген. Мамандар еңбекті еш етіп, қайтадан қазып кететіндердің қарасы азаймай отырғанын айтты.

«Бұл халықтың экологиялық мәдениеті болып қалыптасып кеткен. Қазір біз қоқыс орындарын тағы да жойып жатырмыз. Жерді қазып жатқаны заңға сай келмейтін шаруа, өйткені ол үшін рұқсат қағаздары керек, жерге, жер-суларына залал келіп, жердің рельефі құрайды», - дейді облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Дархан Есжанов.

Серіктес жаңалықтары