Жергілікті тұрғын құрбысынан қарызға ақша алғанымен, уақытында қайтара алмаған. Әйел сотқа жүгінуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
lada.kz-ның мәліметінше, іс материалдарына сәйкес, Ақтау қаласының тұрғыны 2020 жылдың 10 желтоқсанында құрбысына қолхат бойынша 3 000 000 теңге қарыз берген. Құрбысы қарызды сол жылдың 31 желтоқсанына дейін қайтаруға уәде берген. Алайда бүгінгі күнге дейін ол уәдесін орындамаған.
Ақтау қалалық №2 сотының баспасөз қызметі осыған байланысты әйел сотқа жүгінуге мәжбүр болғанын хабарлады.
Сот отырысында тараптар бітімгершілік келісімге келді. Шарттарға сәйкес, біріншісі талап арыздан бас тартады, ал борышкер 2021 жылдың 30 қарашасына дейін 3 000 000 теңге және өкілдің 85 000 теңге көлеміндегі шығындарын төлеуге міндеттелді.
Азаматтық іс жүргізу тоқтатылды. Заңда белгіленген тәртіппен 30 000 теңге көлемінде төленген мемлекеттік баж талапкерге қайтарылады.