Рудный қаласының әкімі Виктор Ионенко мессенджерлердің бірінде оның атынан жалған хат-хабар пайда болғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Не болды
Whatsapp мессенджерінде, екі контактінің арасында депутаттардың «Ирак және Левант ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымына ақша аударып жатқанына» (ИГИЛ) байланысты хат алмасуының скриншоты таратылуда. Хатта алда текcеріс болатыны туралы да айтылған, - деді әкім Instagram-парақшасында.
Рудный әкімі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.
Жалған ақпарат
Менің жеке деректерімді пайдаланып отырған бір контакт: тегі, аты, әкесінің аты және менде тіркелмеген, мен пайдаланбайтын ұялы телефон нөмірі көрсетілген фотосурет, екіншісі - белгісіз телефон нөмірі. Бұл ақпараттар шындыққа жанаспайды және жалған болып табылады, жалған ақпаратқа сенбеуіңізді сұраймыз, - дейді ол.