×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Оралда бір жерде екі жол апаты болды

11.11.2021, 19:47
Фото: ашық дереккөз

Бірінші жағдайда LADA Vesta мен трактор, екіншісінде - Chevrolet Niva мен КамАЗ соқтығысты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

 

mgorod.kz-ның мәліметінше, оқиға бүгін Дерқұл ауылы мен Саратов тас жолы арасындағы VenOil жанармай құю бекетінің маңында болған.

БҚО полиция департаменті LADA Vesta көлігін тізгіндеген 45 жастағы әйел тракторды басып озу кезінде арнайы техниканың күрегіне тиіп, жолдан ұшып кеткенін мәлім етті.

Екінші апат та сол маңда болды. 56 жастағы КамАЗ жүргізушісі Chevrolet Niva көлігін басып озбақ болып, соқтығысып қалды. «Нива» көлігін 20 жастағы жас жігіт жүргізген.

Екі жағдайда да зардап шеккендер жоқ. аталған фактілер бойынша хаттама толтырылды.

Серіктес жаңалықтары