Осы жылдың 9 айында балалардың арасында COVID-19-дың 26 жаңа жағдайы анықталған. Олардың ішінде сирек кездесетін неонатальды диабетпен ауыратын бала бар, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Pavlodarnews.kz-ның мәліметінше, облыстың штаттан тыс бас балалар эндокринологы, облыстық балалар ауруханасының эндокринолог-дәрігері Ботагөз Саматова қазіргі таңда диспансерлік есепте бірінші типті қант диабетімен ауыратын 194 бала тұр, 2 жасөспірімде екінші типті қант диабеті және тағы екі балада – моногенді диабет.
«Қант диабеті – аутоиммундық ауру, мұндай жағдайда адамның иммунитетін бұзуы мүмкін вирустық инфекциялардың алдын алу маңызды. Соңғы екі жылда қант диабетімен ауыратын балалар санының аздап өсуіне COVID-19 себеп болды. Осы жылдың 9 айында балаларда аурудың 26 жаңа жағдайы анықталды, олардың ішінде сирек кездесетін неонатальды диабетпен ауыратын бала бар», - дейді дәрігер.
Ботагөз Саматованың сөзінше, бала мен ересектердегі қант диабетінің ағымы әртүрлі. Кішкентай балаларда негізінен бірінші түрі – инсулинге тәуелді қант диабеті болады. Бұл жағдайда «қант» тұрақсыз, үнемі түзету қажет.
«Қазіргі таңда қант диабеті бар пациенттер қалыпты өмір сүріп, жұмыс істей алады және спортпен айналысуға болады. Диетаны және дұрыс режимді сақтай отырып, инсулин мен таблеткалар арқылы дер кезінде ем алған жағдайда сау адамдармен бірдей өмір сүруге болады», - дейді ол
Дәрігер балаларға мұқият болуға кеңес береді. Инсулин жетіспеушілігінің белгілері: шөлдеу, әлсіздік, салмақ жоғалту, жиі зәр шығару және ауыздың құрғауы. Оның барлығы бірден пайда болмауы мүмкін. Бірақ мұндай белгілер болған жағдайда дәрігермен кеңескен дұрыс.
ҚР Ұлттық қант диабеті тіркелімінің мәліметі бойынша, Қазақстанда науқастардың саны еліміздің барлық тұрғындарына қатысты 1,1% - ға жетті.