Шығыс Қазақстан облысының билігі әртістерді Ұлыбританияға жіберу үшін 20 млн теңгедей жұмсамақ, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
ШҚО қазақстандық Made in KZ тобының Ұлыбританияда өнер көрсетуі үшін 19,7 млн теңге жұмсамақ. Әртістер 27 қыркүйекте Кембридж музейінде өтетін «Ұлы дала алтыны» көрмесінің ашылуында өнер көрсетеді, дейді Protenge телеграм каналы.
«Сметаға қарасақ, музыкалық құрал-жабдық, костюмдер мен көлікті есептемегенде, тек әртістер визасы ШҚО тұрғындарын 2,4 млн теңге шығынға батырмақ. Облыс билігі топтың ұшып барып-келуі үшін 1,8 млн теңге төлейді. Олар сегіз тәулік бойы 2,6 млн теңгеге қонақүйде тұрып, өнер көрсеткені үшін 1 млн теңге ақы алады», - делінген ақпаратта.