×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Полиция адам өлімін «Қазавтожолдан» көріп отыр

16.11.2021, 12:51
Фото: инстаграм

Павлодар облысында адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасының бір себебі жолдың дер кезінде қардан тазаланбауы болуы мүмкін. Осындай ұйғарымға келген өңірдегі жол полициясы тергеу жұмыстарын бастады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Осы орайда, ҚР Қылмыстық кодексі аясында, «Қазавтожол» компаниясының қызметкері тергелуде.  

Павлодар-Өспен жолында болған қайғылы жағдайда екі адам жедел жәрдем келгенше тіл тартпай кеткен. Қалған үшеуі әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылған. 

«Сотқа дейінгі тергеу барысында, 14 қараша күні жол пайдалану кәсіпорнының қызметкері автомобиль жолдарының күтіміне жауапты бола отырып, абайсыздан екі адамның өліміне соқтырған көлік саласындағы ережені (көктайғақ) бұзғаны анықталды», – дейді полициядағылар.

Бұл тұста «Қазавтожол» ЖШС тарапының жолды қардан дұрыс тазаламауы назарға ілігіп, қызмет көрсетуші кәсіпорын жауапкершілікке тартылмақ. 

Серіктес жаңалықтары