×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Дефицит қолдан жасалған – Атамқұлов «көмір дүрбелеңі» жайлы

23.11.2021, 10:46
Дефицит қолдан жасалған – Атамқұлов «көмір дүрбелеңі» жайлы
Фото: Ашық дереккөзден

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов көмір сату жөніндегі әрбір комменрциялық келісімді бақылай алмайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Біз жалпы көмірдің 27 пайызын экспорттаймыз. Көмірді екі бағытта металлургиялық өңдеу мақсатында, екіншіден энергиялық кәсіпорындар үшін экспортқа шығарамыз. Ал халыққа күлі аз қалатын, фракция мөлшері жоғары және орташа көмірді жолдаймыз. Ол – Қазаржыра, Шұбаркөл, Богатырь және тағы бірнеше жерде өндірілетін көмір. Облыстардың өтініші бойынша халыққа қажетті көмірдің 94 пайызын тиеп қойдық. Өткен жылдың қазанымен салыстырғанда керек десеңіз жоспардан тыс мөлшерде жұмыс орындалды», - деді Бейбіт Атамқұлов үкіметтің кулуарында.

Сонымен қатар министр көмірге қатысты туған дүрбелеңге жауап берді. Оның айтуынша, көмір тиеліп, жөнелтіліп жатыр.

«Ең ірі тасымалдаушылармен меморандумдарымыз бар. Ал дефицит қолдан жасалып отыр», - деді ол.