Жылыту маусымы басталғалы Қостанай облысында бес адам иіс тиіп, көз жұмды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
24kz-ның мәліметінше, бұған пештегі ақаулар мен қарапайым қауіпсіздікті ескермеу себеп. Мәселен тұрғындардың басым көпшілігі мұржаларын дұрыс тазаламайды. Ал оның соңы кісі өліміне әкеліп жатады.
Қазір құтқарушылар жер үйлердің пеш құбырларын тазалап, улы газдан қорғайтын құрылғыларды тегін орнатып жатыр.
«Осы демалыс күндері облыс аумағында екі адам өрттен қаза болды. Негізігі себебі – отты абайсыз пайдалану және электр жылыту құралдарын пайдалануда қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу», - дейді ТЖД бас маман Әлжан Қадыржанов.